Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

«Мектеп – мемлекеттің тірегі»

Автор: admin от 18-04-2016, 02:39, посмотрело: 820

2

«Мектеп – мемлекеттің тірегі»

 


 


МАЗМҰНЫ


Мектеп қай жылы құрылды?.....................................2 бет

Алғашқы директорлар...............................................2 бет

Мектептің бүгінгі таңдағы жетістіктері.................3 бет

Мектептің мақтан етер түлектері............................3 бет

Алғашқы ұстаздар.............................................4-8 беттер

Мектеп директорының суреті..................................10 бет

Ұжымның топ болып түскен суреті........................11 бет


Тарих тағлымы

Тарихынан тағлым алмаған ұрпақтың ертеңгі тарихы болмайтыны анық. Себебі, бүгінгі күніміз – ертеңгі тарихымыз. Тарих – өткен өмір, кешкен күн.
Тарих – ұлттың қалыптасу жолы, осы жолдағы ата-бабаның ұшан-теңіз еңбегі.
Бүгінде біз тарқатқалы отырған әңгіме – №19 М.Мақатаев атындағы жалпы орта мектебінің тарихы. Кешегі мен бүгінгінің тыныс-тіршілігі.
Жоқтан бар жасаған, жаңалық жаршысы болған, бала санасына білім сәулесін шашқан ұлағатты ұстаздар еңбегі орасан зор. Ұстаздардың еңбек жолын таныту – үлкен азаматтық борыш.
Қазіргі №19 М.Мақатаев атындағы жалпы орта мектептің іргетасы 1947 жылы – «Октябрьдің 30 жылдық» совхозы құрылған жылы – қаланды.
Соғыстан кейінгі жылдардағы әлеуметтік-экономикалық жағдай сын көтермейтін дәрежеде екені ертеден белгілі дүние.
Бірақ халықтың жаңа өмір құруға деген құштарлығы өте жоғары еді. Қаншалықты қиыншылықтарға мойымай білімге деген талпынысын халық ешқашан өшіріп алған емес.
Алғаш 7 жылдық болып ашылған мектеп 27 жыл бойы К.Ворошилов атымен аталды. Осы мектеп басшылары болып төмендегі ұстаз-ағартушылар қызмет етті:

Мектеп директорлары:

1.Арсланова Р. 1947-1950жж (3 жыл)

2.Егембердиев Ж. 1950-1953жж (3жыл)

3.Икрамов Б. 1953-1955жж (2 жыл)

4.Қойбағаров А. 1955-1956жж (1 жыл)

5.Качкина Л. 1956-1959жж (3 жыл)

6.Айнақбаев Р. 1959-1961жж (2 жыл)

7.Петровская Р. 1961-1963жж (2 жыл)

8.Издибеков Ж. 1963-1965жж (2 жыл)

Издибековтің басшылығы кезінде 1964 жылдан мектеп Н.К.Крупская атымен аталды.

9. Аблаев Н. 1965-1967жж (2 жыл)

10.Изеев К. 1967-1970жж (3 жыл)

11.Нистеренко Н.И 1970-1974жж (4 жыл)

12.Исабеков У 1974-1989жж (15 жыл)

13.Датқабаев С 1989-2002жж (13 жыл)

Тәуелсіздіктің арайлаған ақ таңы атып - 1994 жылдан бастап мектеп М.Мақатаев атымен аталды.

14.Ахметова К. 2002-2005жж (3 жыл)

15.Шырымбекова Б 2005-2008жж (3 жыл)

16.Шакенова Л. 2008-2010жж (2 жыл)

17.Тиленшиев Т. 2010-2011жж (1 жыл)

18Алшынбекова А 2011 ж

Мектептің әр жылдардағы жетекшілері мен жетістіктері

Әрбір басшының әсіресе ағарту саласына жетекшілік ететін азаматтардың көтерер жүгі – нар жүгі болып есептеледі. Сондай нар жүгін арқалаған аптал азаматтың бірі – Исабеков Умирзақ.

Умирзақ ағай 1974-1989 жылдар аралығында мектеп директоры қызметінде жүрген кезінде талай шәкірттерін қанаттандырып, өмір жолына шығарып салды.

1989-2002 жылдар аралығында барлық уақытта жаңалыққа жаны құмар, ұлтжанды Датқабаев тәуелсіздік таңы алдында 1989 жылдың 1-қыркүйегінен бастап Крупская атындағы негізгі мектебіне директор болып тағайындалды. Мектеп жанынан оқу ғимаратын салдыруға қол жеткізіп, бірде-бір қазақ сыныбы жоқ, бірақ оқушылардың 70 пайызы қазақ балалары болса да орыс сыныбында оқитын және орыс тілді мектебі аталатын мектепті қазақ тілді мектебіне айналдырып балалардың өз туған ана тілінде білім алуына мүмкіндік жасап, Крупская деген мектеп атын қазақтың біртуар ақыны М.Мақатаев атына ауыстырды.

2002-2005 жылға дейінгі аралықта Ахметова Гүлжайна мектеп директоры қызметін атқарды. Осы жылдары өз ұжымының кадрлық жағын көтеріп, білім сапасын көтеруге мол үлес қосты.

2005-2008 жылдар аралығында мектеп директоры қызметін атқарған Шырынбекова Бибігүл ескі мектеп үйін әрлеп, сәндеуге көп күш қайрат жіберді. Ең алдымен мектепті көгалдандыру ісінде жасаған еңбегі орасан екенін айта кеткіміз келеді. М.Мақатаевтың 75 жылдығы қарсаңында аудан көлемінде семинар өткізіп, ақынның бюстін мектеп ауласына орнатты.

 
 

«Мектеп – мемлекеттің тірегі»

 

 
 
 
 
 
 
 
 

«Мектеп – мемлекеттің тірегі»

 



2008-2010 жылдары мектепке жетекшілік еткен Шакенова Ләйла2 жыл ішінде өзінің нағыз зиялы да мәдениетті басшы, талантты педагог екендігін танытты. Әрбір мұғалімнің білімі мен тәжірибесін саралап, оқушыны өнер мен білімге баулыды. Ол 1975жылы Мақтарал ауданында туылған. Жамбыл орта мектебін бітірген соң Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университетіне оқуға түседі. Аталмыш оку орнының 1996 жылғы түлегі. Еңбек жолын М.Жұмабаев орта мектебінен бастап, 2000 жылдан М.Мақатаев мектебінде ұстаздық жолын жалғастырды.

«Мектеп – мемлекеттің тірегі»

 



2010 жылдан бастап мектепті Тіленшиев Таңсықбай Тұржігітұлы басқарып келді. Көп жылдан бері білім беру мен ағарту саласында жүрген ұлағатты ұстаз мектеп ұжымына басшы болып келгелі – ел-жұрттың көптен күткен қуанышы – жаңа мектеп ғимараты бой көтерді. Халықтың көптен күткен арманы орындалып мәселе өз шешімін тапты.

«Мектеп – мемлекеттің тірегі»

 



2011 жылдан бастап мектепті Алшынбекова Ақмарал Жұмабайқызы басқарып келеді. Көп жылдан бері білім беру мен ағарту саласында жүрген ұлағатты ұстаз мектеп ұжымына басшы болып келгелі – ел-жұрттың көптен күткен қуанышы – жаңа мектеп ғимараты бой көтерді. Халықтың көптен күткен арманы орындалып мәселе өз шешімін тапты.Ол – заманына қарай амал жасаған, өте ізденімпаз ұстаз, талапшыл басшы өз ісінің қас шебері десе де болады.


№19М.Мақатаев мектебінің директоры Алшынбекова Ақмарал Жұмабайқызы өз ұжымымен бірге

«Мектеп – мемлекеттің тірегі»

 













Категория: Мектеп