» Материалы за 16.04.2016

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Ұрпақ тәрбиесі

Автор: admin от 16-04-2016, 00:51, посмотрело: 694

1

Ұрпақ тәрбиесі – баршамызға ортақ, игілікті іс. Барлық сенеріміз де, сүйенеріміз де, тірлігіміз де болашақ жас ұрпақ. Сондықтан тәрбиеге үлкен жауапкершілікпен қарауымыз керек.

Тәрбиені нығайту үшін мынандай жұмыстар атқарылды:

Қыркүйек айында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жылдық, айлық жоспарлары құрылды. Қыркүйек айында «Алғашқы қоңырау», «1-қыркүйек Білім күні» және 30 тамыз Конституция күніне салтанатты жиын өткізілді.

 


 

  Мектепте тәлімгер Қ.Тузелбаевтың басшылығында «Жас қолғанат» тобы жұмыс атқарады.Бұл «Жас қолғанат» тобы еңбек, соғыс ардагерлеріне,мүгедектерге қамқорлық көрсетеді. 

 

 

 

 

 

 

     Мектебімізде салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін «Денсаулық фестивалі » аясында түрлі спорттық іс-шаралар өткіздік.

 


 

 

 

 

Тәлімгер 1 қазан қарттар күніне арналған ауылдағы батыр аналар,  тыл ардагерлер және зейнеткер ұстаздармен «Қарттарым- алтын қазығым» атты іс-шара өткізілді.

     Ұлағатты ұстаздар мұғалімдер күні, мерекесіне «Ұстаз- ұлы тұлға» атты іс-шаралар өткізіліп,қабырға газеттері шығарылды.

 


 

 

 

 

 

      Мектебімізде  «Мерей» ұлттық домбыра үйірмесі  жұмыс жасайды. Оның  жетекшісі зейнеткер ұстаз Өтенов Ә. Бұл «Мерей» ұлттық домбыра үйірмесі өнер фестивалдарында жүлделі орындарға ие болып, оқушылар, жетекшісі, тәлімгер,тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және мектеп директоры мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

 

 

 

 


 Мектептің өзін-өзі басқару жұмысының бар болуы және тиімділігі

   Білім алушылар  үшін өзін-өзі басқару – ол бос уақытын тиімді және үнемді пайдалану, құқығын және мүддесін қорғау, жаңа бастамаларына қолдау мен дамытудағы көмек. Білім алушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту үнемі әлеуметтік жауаптылықты  кеңейтуді, өмірінде кездесетін мәселелерді шешуге көмектеседі.  

12 қыркүйек күні «№19 М.Мақатаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тәлімгер Қ.Тузелбаевтың ұйымдастыруында «Ұланбасы» сайлауы болып өтті. Салтанатты сайлауға сынып жетекшілер,  302 білім алушы, 19 сынып жетекші қатысты.  Сайлау ашық дауыс беру арқылы өткізілді. Алдымен  «Ұланбасы» болуға білім алушылар өз кандидатураларын ұсынып, мәлімдемелер беріліп 

  10 сынып-«Ұланбасы» Кеттебекова Гүлсапар Айтжанқызы

  10 сынып- мәдениет министрі Бегім Барысхан Шыңғысханұлы

  10 сынып-тәртіп министрі  Беглер Наурызбай Үсенұлы

  10 сынып-білім министрі  Бедилов Нұрмахан Ұлықбекұлы

  10 сынып-денсаулық министрі Амантай Ұлсерік Ерсейітқызы

  10 сынып-Қамқоршы клубының жетекшісі Әлтай Абылай Алмасұлы

  10сынып спорт министрі  Сынасап Ербол Жұмабайұлы  болып сайланған.

    Мектепте «Жас Ұлан», «Жас қыран» балалар ұйымы жұмыс жасайды. «Жас Ұлан» балалар ұйымында барлығы-164, «Жас қыран» ұйымында - 138 бала бар.  «Жас Ұлан» балалар ұйымының мүшелері  мектепішілік, аудандық  өнер, спорт сайыстарында  үздік өнер көрсетіп, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы ұйымдастырған ойынға қызу дайындалуда.

       26 қыркүйек күні «Жас Ұлан» балалар ұйымының көшбасшыларының отырысы болып өтіп. Отырыста қыркүйек айында жүргізілген жұмыстар талқыланған, қазан айында жүргізілетін жұмыстар талқыланып, министрлерге жұмыстарымен таныстырылған.

        3 қазан күні «Жас Ұлан» балалар ұйымының ұйымдастыруымен «Ән көңілдің ажары»  мәдени іс-шарасы болып өткен.

14 қазан күні «Жас Ұлан» балалар ұйымының өзін-өзі басқару тобының отырысы болып өтті. Онда қазан айында жүргізілген жұмыстарға сараптама жасалынды.  30 қараша күні «Президент күні-халықтың күні» тақырыбында «Жас Ұлан» балалар ұйымының салтанатты жиыны болып, онда 20 білім алушы «Жас Ұлан» қатарына 14 білім алушы  салтанатты түрде қабылданды. Жиында топ басшылары рапорт тапсырып, тұңғыш президент күніне құттықтаулар айтылған.

16 қараша  күні «Алтын күз-2015» байқауына байланысты « Күз мерекем, күз берекем» атты іс-шарасын өткізді. Оқушылар іс-шара барысында «Күз ханзадасы мен ханшайымы» атағын иеленді.

        1-Желтоқсан күні Қазақстан Республикасында «Тұңғыш Президент» күні деп жарияланды. «Тұңғыш Президент» күні ашық сабақтар,қабырға гезеттері шығарылып, баяндамалар оқылды.

      СПИД –ке қарсы күрес күніне іс-шара түзіліп ұйымдастырылды. АҚТҚ – ЖҚТБ – ны түсіндіру жұмыстары медбикемен бірлесе отырып жүргізілді.

     15-Желтоқсан «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 23 жылдық» мерекесі қарсаңында Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны болып өтті. Жиынға байланысты мерекелік концерттік бағдарламалар,қабырға газаттері, «Менің елім Қазақстан» атты баяндама оқылды. «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына 50-ден астам оқушы қабылданды. 

 


 

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ИДН қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылды.

 


 


 

 


 

 

Желтоқсан айында жаңа жылжық ертеңгілік, бал-маскарад, мерекелік кештер ұйымдастыру үшін іс – шаралар түзілді.        Ақпан айында Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 84 жыл толуына байланысты 10 күндік ұйымдастырылып «Поэзия хан тәңірі тағзым» тақырып секілді көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып,қабырға газеттері шығарылды.

 

     Ауғанстан Республикасынан Кеңес әскерлерінің шығарылуына 26 жыл толуына арналған «Ерлікке тағзым» атты  іс-шаралар өткізілді.

 


 


 

Мектебімізде «Жігіт сұлтаны-2015» байқауы өткізілді.


 


     8-наурыз қыз-келіншектер мерекесіне «Аялайық ананы» атты іс – шаралар ұйымдастырылып өтті. "Қыз сыны -2015" байқауы өткізілді.

 

 

 

Ұлы Жеңістің 70 жыл және 7-мамыр- Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің құрылғанына 23 жыл толуы қарсаңында жас ұрпақты отансүйгіштікке, ұлттық жауынгерлік дәстүрлерімізді қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында мектепішілік «Жас Ұлан» әскери-патриоттық байқауы өткізілді.
 

 


 


  «Армысың Әз Наурыз» атты іс-шара ұйымдастырылып, ұлттық ойындар арқан тарту, асық, қыз қуу ойындары дене тәрбиесінің пән мұғалімдерімен бірлесе отырып өткізілді.
 
 

 

 
 
 

  Ата – аналармен мектеп ұжымы бірлесіп «Армысың Әз Наурыз» атты Наурыз мерекесі ұйымдастырылды.

     «1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесі аясында Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны болып өтті. Жиынға байланысты мерекелік концерттік бағдарламалар,қабырға газаттері шығарылды. «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына 15-тен астам оқушы қабылданды.

 

 

 

 

   7-Мамыр Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған «Ер есімі ел есінде» атты салтанатты жиын өткізілді. Жеңіс күніне Ұлы Отан соғысының еңбек ардагерлерімен,ауған соғысының ардагерлерін шақырып жиын өткізілді.

  25-Мамыр күні «Сынғырла – соңғы қоңырау» атты тақырыпта жиын өткізілді.Жиында концерттік бағдарлама ән, би, марапаттаулар ұйымдастырылды.

 

 


 

 

 

   1-Маусым «Балалар қорғау» күніне орай арнайы іс-шара кестесі түзіліп осы кестелер бойынша жауапты мұғалімдер боп оқушылармен бір шама жұмыстар атқардық. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Категория: Мектеп дәстүрі